• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Наурыз, 02:17:08
Алматы
+35°

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, атап айтқанда, жалпы білім беретін мектептердің құрылысына көп көңіл бөлінеді. Өйткені, Маңғыстау облысы бірнеше жыл қатарынан бала туу қарқыны бойынша рекорд жаңартты. Бұл қосымша білім беру ресурстарын қажет етеді. Аталған қажеттілікті шешу үшін облыс орталығында, елді мекендерде де жаңа мектептер салу жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев толық мәлімет берді.

Маңғыстау облысының әкімі қалалар мен ауылдарды кешенді дамыту жаңа тұрғын аудандармен қоса  қолайлы әлеуметтік инфрақұрылымды — яғни  балабақшалар, мектептер, емханалар, ойын және  спорт алаңдарын да салуды  көздейтінін атап өтті.

свы

 Нұрлан Ноғаевтың мәліметінше, 2023 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 209 млрд теңге қарастырылған, бұл облыс бюджетінің 43% құрайды. Облыста барлығы 188 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 39-ы — жекеменшік мектеп. Соңғы үш жылда оқушылар саны 25 мыңға артты (2021 – 156 мың, 2022 – 175 мың, 2023-182 мың).  Биыл 3 972 орындық 11 жекеменшік мектеп ашылды (Ақтау - 6, Жаңаөзен - 2, Мұнайлы -3).

 Әкімдік нұсқауы әрі жетекшілігімен әлеуметтік нысандар қатары артып, әсіресе мектептер қадамдық қолжетімділікте болуы үшін тиісті жұмыстар атқарылып келеді. (Бұл үшін қазірдің өзінде бар білім беру нысандарын салу және кеңейту қарқынды жүріп жатыр). 

 - «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында  Түпқараған ауданында М. Горький атындағы мектеп-лицейіне жапсарлас салынған ғимарат  пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 2025 жылға дейін 2 ауысымда 44 мың орындық 21 мектеп салу жоспарланған (2024 жылы – 13 мектеп, 2025 жылы – 8 мектеп). 13 мектеп бойынша мердігер ұйымдармен келісімшарттар жасалды, құрылыс жұмыстары басталды, - деді Нұрлан Ноғаев.

сы

Білім беру мекемелерінің құрылысында демеушілік қолдау білім беруді дамытуда маңызды рөл атқарады. «NCOC» және «Buzachi Operating LTD» компаниялары бұл процеске белсенді қатысып, мектеп құрылысына қаражат құюда. Бекі ауылында 100 орындық мектеп, ал C. Шапағатов ауылында 1200 орындық мектеп салынады.

 Сондай-ақ, әлеуметтік инфрақұрылым әлеуетін арттыру саласында автомобиль жолдарының маңызы аса зор,  сапалы жолдар — өңір экономикасының  өзегі екенін атап өткен жөн.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының басты бағдары  21 ауылды қамтиды және биыл автожолдарды салу және жөндеу жобаларына қомақты инвестицияларды тарту маңызын айқындай түседі

- Биыл орындалған жұмыстардың қорытындысы бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жай - күйін 96% - ға дейін жақсарту жоспарлануда. Бұл тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге және жалпы облысты дамытуға маңызды қадам болмақ, - деді Нұрлан Ноғаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір