• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қараша, 06:15:46
Алматы
+12°

Шымкент полициясы жаңа туған нәрестені сату дерегін анықтады. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді. 

Келіншек 45 жастағы делдал арқылы сәбиін сатып алатын адамды іздейді. Оның айтуынша, сол ақша арқылы несиесін жабуды жоспарлаған. 

"Ұсталған келіншектің бұған дейін бірнеше рет алаяқтық үшін жауапқа тартылғаны анықталды, мойнында біраз қарыз да бар болып шықты", - деді Нұрмағамбетов онлайн брифингте.

Министрліктің дерегінше "Кәмелетке толмаған баланы сату" бабы бойынша іс қозғалған. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалған.Нәресте балалар үйіне орналастырылған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір