• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 11:32:01
Алматы
+35°

SABA GROUP KZ құрылыс компаниясы 10 жылдық мерейтойына орай өз клиенттеріне электромобиль мен пәтер тарту етпек. Ауқымды ұтысқа компания салған кез келген тұрғын үй кешенінен жылжымайтын мүлікті SABA GROUP KZ компаниясының өзінен сатып алған Қазақстан азаматтары қатыса алады.

ZEEKR электромобиль көлігін ұтып алу мүмкіндігінен өзге ұтысқа қатысушы Arman City тұрғын үй кешенінен берілетін пәтер иесі де атанады. 10 жылдық мерейтойын ауқымды түрде атап өткелі жатқан компания мерейтойлық ұтысқа тағы басқа да бағалы сыйлықтар ойнатпақ. Сыйлығы қомақты мерейтойлық шараға қатысу үшін компания клиенті Arman City тұрғын үй кешенінің сату бөліміне келіп, тіркеуден өтуі тиіс.

Род

Ұтыстың бірінші кезеңі – ZEEKR 001 электромобиль көлігінің ұтыс ойыны 2023 жылдың 25 желтоқсанында өтсе, екінші кезеңі, яғни пәтер ұтысы 2024 жылдың 25 қаңтарында ойнатылмақ.
Айта кету керек, 10 жыл ішінде SABA GROUP KZ құрылыс компаниясы 12 тұрғын үй кешенін салған. Ол шамамен 500 мың м2 құрайды. Одан өзге компания тағы 2 тұрғын үй кешенінің құрылысын белсенді түрде жүргізіп жатыр.

Бүгінде компания салған үйлерде 4 мың 600-ден астам астам қазақстандық отбасы тұрады. Құрылыс компаниясы осы сенімі үшін клиенттеріне алғыс айта отырып, осындай ауқымды мерейтойлық жобасының басталғанын жариялады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тұрғын үй

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір