• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:54:21
Алматы
+12°

Елімізде қызылшаға қарсы екпе алу күшейтілетін болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Әлихан Смайылов хабарлады. 

"Вирусты жұқтырғандар саны артып барады. Олардың басым көпшілігі – балалар. Аурудың таралуын тоқтату керек. Бала денсаулығы басты назарда болуы тиіс. Вакцина алудан басқа, мұндай қауіпті вируспен күресу мүмкін емес. Сондықтан, екпе алуды күшейту қажет", деді Әлихан Смайылов. 

Денсаулық министрі Ажар Ғинаяттың айтуынша, елімізде қызылша ауруына шалдыққан 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр. 

"Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 15 бала бар. Өлім-жітім жоқ. Жағдайы ауыр балалардың бәрі министрліктің бақылауында", - деді Ажар Ғиният

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір