• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:38:28
Алматы
+12°

28 Қараша, 2023 Экономика

Назарбаев жете алмаған 2030...

Билік өзінен кейін қазақта өмір болмайтындай ойлайды.

egemen.kz

1997 жылы президент боп тұрған Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған жолдауында "Қазақстан-2030" стратегиясын жариялаған.

Ұлтты ұйыған бірлікке, елді бұрын-соңды болмаған әділдікке, халықты әл-ауқаты тасыған байлыққа жеткіземіз деп сол заманда жарияға жар салды. Сайлауды әділ өткізу, БАҚ-қа еркіндік беру, әйелдің рөлін күшейту деген сөздер болған онда.  

Одан бері талай ұрпақ ауысты, әлгі уәденің бірі де жақындаған жоқ. Есесіне елбасы қалпында Нұрекеңнің өзі жете алмаған 2030 жылға бүгінгі қазақ Тоқаевпен бірге таяп қалды.

Қазақстан билігінің тәуелсіздік алғалы бері айналысып келе жатқан ісі – алыстағы жылдарға арнап жоспар құру. Әй, оған дейін өзің барсың ба, жоқсың ба – ойланбайды.

Ұлттық экономика министрлігі Қонаев қаласының маңайын дамытудың 2028 жылға арналған кешенді жоспарын жариялай салады. Көлік министрі Астанадағы атышулы LRT жобасына 2025 жылға дейін жылына 150 млрд теңгеге дейін сұраймыз дейді. Ақша таппасақ, тіпті Ұлттық қордан аламыз дейді.

10 жылдан бері мыжып келе жатқан, жемқорлықпен атағы әлемге тараған, не тоқтамайтын, не аяқталып бітпейтін жоба.

Тек Астана осы қалпында тұра берсе, халқы қазіргі қарқынымен көбейе берсе, әрине, LRT керек жоба. Бірақ ертең не боларын бір Құдай біледі. "Бізден кейін күл болмаса бүл болсын" деген құрылысқа ұқсап тұр. Ауа-райы жайсыз, ауыз суы жетпей жатқан, қатынауға қиындау айдаладағы Астана. Биліктің зорлығымен, бүгіннің саясатымен ғана астана боп тұрған шығар? 

Назарбаевтың өзін қағып тастаған Қаңтар оқиғасы сияқты кез-келген оқыс өзгеріс бола қалса ше?

Билік әзірге өзінен кейін қазақта өмір болмайтындай ойлайды. Анығы, Қазақстанда келімді-кетімді біреу болса, ол – билік. Қазақ пен Қазақстанды мекендейтін халық бұл жерде қала береді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан-2030 LRT

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір