• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 09:15:59
Алматы
+35°

01 Желтоқсан, 2023 Барлық аймақтар

“Жала жаппа!" Рустам Мақсұтовты “QAZAQSHA терапияға" шақырды

Алматылық өнер сүйер қауым назарына! Көрермендердің сұрауымен желтоқсан айының 3 және 13 жұлдызында “QAZAQSHA терапия” концерті өтеді.

Фото: ашық дерек көздерінен алынған

Жоба авторлары қайырымдылық қорымен келіссөздер жүргізіп, енді ресми түрде концерттен түскен қаржының белгілі бір бөлігін “Асаруме” қайырымдылық қоры арқылы жағдайы төмен отбасыға бермек.

– Сахнаның іші-сыртын қосқанда 50 ден астам өнерпаздың бірнеше айлар бойы еңбек тері сіңген QAZAQSHA терапиямызды әр ҚАЗАҚ баласы көрсе, нағыз қазақы атмосфераны сезінсе екен дейміз. Өйткені қазақтың тарихы, дәстүрі қазақтан басқа ешкімге керек емес.
Бұл кештен ұлтқа, ұлттық аспаптарымызға, дәстүрімізге деген махаббатыңыз еселеп артып, рухыңыз көтеріліп шығатыныңызға мен кепілмін! – дейді Ә.Есжан.

Әсет Есжан қазақтілді аудиторияға арналған әндер тек мейрамханада қоюға жарайды деген FM Business радиосы басшысының сөзін сынады.  

– Талғамы биік адамдардың амбассадоры, сізді 3 желтоқсанда өтетін “QAZAQSHA терапия" концертіне шақырамын! Алдынғы қатардан өзіңізге арнайы орын берейін! Осы концерттік кешті көрген соң, қазақ әуендерінде сапа бар ма, жоқ па, соны тікелей отырып сөйлесеміз, – деп Рустам Мақсұтовқа шақырту жолдады кеш ұйымдастырушысы. Осыған орай өнер сүйер қауым қазақ музыкасымен сусындап қайтуы үшін билеттерге 50% жеңілдік жасайтынын мәлімдеді. 

Дәстүрлі музыканы заманауи бағытта айшықтайтын театрландырылған ән кеші Алатау дәстүрлі өнер театрында өтеді. Билеттерді kino.kz сайтынан сатып ала аласыздар!

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: QAZAQSHA терапия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір