• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 07:53:31
Алматы
+35°

30 Қараша, 2023 Барлық аймақтар

Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты

Сондай-ақ, 2 адам қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді, -деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

ашық дереккөздерден алынды

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 30 қараша күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама түсті. Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келді.

 "Келген бойда 1 қабаты және жертөлесі жатақханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің жанып жатқаны анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр. Қабылданған шаралармен өрт 06:22-де жойылды", – делінген департамент хабарламасында.

 Алдын ала ақпаратқа сәйкес өртті барлау және сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр. Олар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болған.

Сондай-ақ, 2 адам қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Науқастардың біріне көмірқышқыл газына улану диагнозы қойылды.

 "Оның жағдайы орташа ауыр, тұрақты. Екінші науқас барлық тексеруден кейін амбулаторлық емделуге жіберілді", – делінген ведомство хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: өрт қаза 13 адам

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір