30 Қараша, 2023 Барлық аймақтар
Алматыдағы өрттің шығу себебін тексеруге қатысты Үкіметтік комиссия құрылды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде болған өрттің себебін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ашық дереккөзден алынды
Үкіметтік комиссия құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді.
Комиссия төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды.
Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір