• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 05:40:11
Алматы
+35°

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәжіліс отырысында "Масс медиа" туралы заң жобасын таныстырды. Жобаның таныстырылымынан кейін депутат Қазыбек Иса министрге сұрақ қойды. Депутат қазақ тіліндегі хабарлар санын 70 пайызға көбейту керегін айтты. 

"Қазақ халқының саны 70 пайыздан асып, қазақ тілді мектеп бітірушілердің гранты 70 пайызға жетті.Ал қазақ тілді You Tube арналардың жазылымы өзге тілдерге салыстырғанда 10 есе көп. Бір ғана «Оян, қазақ!» фильмі рекорд жасап, миллиондаған қаралым жинады. Алайда қазақша оқымайтын қазақ үкіметі қазақ тіліне деген талаптың өте жоғары екенін қайдан білсін. Қазақ тілді хабарлардың бәрі ел жатып қалған түн жарымдарда көрсетіледі. Қазақтар түнімен ұйықтамайды деп ойлайсыздар ма? Бұл қазақша хабарлар 70 пайыздан кем болмай, ел көретін уақытта көрсетілуі тиіс. Бұл талапқа қалай қарайсыз?", - деді депутат Қазыбек Иса. 

Аида Балаева еліміздегі БАҚ өкілдерінің көбі жекеменшік екенін айтты. Жекеменшік БАҚ-тың қай тілде хабар беруіне байланысты министрлік талап қоя алмайды. 

"Қазір 5459 бұқаралық ақпарат құралы ресми тіркелген болса, соның 90 пайызы жекеменшік. Сондықтан бизнес субъектілеріне жатады. Сол себепті Ұлттық экономика министрлігі арнайы сараптама жүргізуде. Соның нәтижесі шыққан соң өздеріңізге айтатын боламыз. Ал қазақ контентін көбейтуге келсек, маған салса бәрін 100 қазақша қылар едім", - деді  министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір