• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:58:55
Алматы
+12°

30 Қараша, 2023 Барлық аймақтар

Мақсат Толықбай: Мемлекеттік БАҚ үкіметті ашық сынай алмай отыр

Депутат Мақсат Толықбай жаңа заң жобасымен келіспейтінін айтады

фото ашық дереккөздерден алынды

  • Көптеген ақпарат құралдары әлі күнге дейін министрлік үкіметті ашық сынай алмай отыр. Бұны ашық айтуымыз керек. Әйтпегенде, еліміздегі саяси оқиғалар мен жемқорлыққа қатысты Мемлекеттік ақпарат құралдарының тереңірек материалдарды зерттеуге, жазуға шамасы жетпейді емес, жетеді. Бірақ бұл жерде цензура бар. Біз осы цензураны, қол байлауды тоқтатуымыз керек. Нақты лотпен жазылуы тиіс. Сол кезде басқа тәуелсіз ақпарат құралдары да қатыса алады. Бәсекелестік те болады. Бұқаралық ақпараттық алаңда дәл қазір біз жеңіліп жатырмыз. Осы жерде келіспейтін, ең даулы мәселе – пресс карта. Осыған тоқталуымыз керек. Яғни, пресс-картаны алуың үшін «Сен журналистиканы бітіруің керек» деген шарт бар. Бізде журналистика факультетін бітірмей-ақ үлкен ақпарат құралдарында редактор болып отырған қаншама мүйізі қарағайдай журналистер отыр. Оларды қайтеміз? Қанша дегенмен, бұл министрліктің жанынан құралады. Яғни, ертең шенеуніктерге ыңғайсыз сұрақ қойған әріптестеріміз ертең қудалауға ұшырап жүрмей ма?

Сондай-ақ депутат еліміздегі БАҚ-ты Түркияның ақпарат құралдарымен салыстырудың қисыынсыз екенін айтады.

- Бізде Түркияның тәжірибесі көп айтылады. Түркия сөз бостандығы жағынан рейтингісі Қазақстаннан әлдеқайда төмен. Ендеше, біз сөз бостандығы төмен елден үлгі алатынымыздай басымызға не күн туды? Сондықтан бұл жерде алалау бар секілді. Олай болса, егер де керемет жүйе болатын болса, оны балама түрде қалдыра беріңдер. Ал аккридитация қалсын. Журналистерге ұнап жатса, ерікті түрде өздері таңдауына мүмкіндік болсын, – дейді Мақсат Толықбай.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір