• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:44:32
Алматы
+12°

«Өскемен-Талдықорған» республикалық маңызы бар автожолының «Аягөз - 92 шақырым - Үшарал» учаскесіндегі жол қозғалысы ашылды.

Енді көлік жүргізушілеріне айналма жолмен емес, негізгі жолмен жүре рұқсат берілді. «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы» АҚ филиалының өкілдері бұл өзгеріс тек қыс мезгілінде ғана екенін ескертті.

ввя

«Қыс мезгілінде және көктемге дейін жүргізушілер негізгі жолмен жүре алады. Келесі жылы жолды асфальттың үстіңгі қабатымен жабу жұмыстары қалды. Мердігерлерге осы жұмысты ғана аяқтау қажет. Алдағы жылы нысанды толық пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», - деді Абай облыстық филиал директоры Айдын Ескенов.

авы

Жолдың бұл бөлігінде асфальттың үстіңгі қабатын төсеу және аяқтау 2024 жылға жоспарланған.

авы

Айта кетсек, облыстағы аудандық және облыстық маңызы бар жолдардың жалпы көлемі 4,5 мың шақырымды құрайды. 2023 жылы 235 шақырым жолға асфальт төселді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір