• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:11:50
Алматы
+12°

01 Желтоқсан, 2023 Әлеумет

1 желтоқсан бұрын "тұңғыш 01"-дің күні еді...

Кім білген, Қазақстанда әлі талай дүние алдамшы шығар.

kbtu.edu.kz

Өмір өзгереді. Уақыт бәрін асықпай орнына қояды екен, дегенмен.

Қазақстанда 2012 жылдан бері 1 желтоқсан деген дата Қазақстанның тұңғыш президентінің күні ретінде мемлекеттік деңгейде тойланушы еді.

Кәдімгі "қызыл күн", мемлекеттік мейрам еді. Жұртқа демалыс берілетін. Он жыл бойы осы мерекені тойлаттық, тіпті мектептерге дейін тәрбие сағатын өткізіп...

Елбасы туралы түсірілмеген фильм, жазылмаған мадақтау қалмаған.

Сосын қаралы қаңтар болды.

2022 жылдың күзінде "Тұңғыш президент" күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынды.

Енді бұл жай мереке. Демалыс жоқ. Бұрын жағымпаздар жарысатын, елді ұлардай шулататын бұл күн енді тым-тырыс өтетін, кәдімгі жай күн болды да қалды. 

Біз сонда бүкіл Қазақстан болып құр даурығып келгенбіз бе? Тойлайтын түгі жоқ, сәні ғана бар, бірақ шындығында мәні болмаған нәрсемен айналысқан екенбіз бе?

Кімді кім алдаған сонда?

10 жыл бойы "бүгін бар, ертең жоқты" тойлауға кеткен қайран уақыт, қайран ақша... 

Бұл шынымен Қазақстанның жасап қойған ұсақ қателіктерінің бірі болса, онда бұдан былай Қазақстан тарихында біреудің жеке басына арналған мемлекеттік немесе ұлттық мереке болмауы керек.    

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір