• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 08:11:32
Алматы
+12°

01 Желтоқсан, 2023 Әлеумет

Ақылы жолдың ақшасын төлемейтіндер бар

Жолмен жүргеннен кейін ақысы жеті күнде төленбесе, 8-ші күні айыппұл келеді.

primeminister.kz

Жолдың ақылы болғаны аздай, оның ақысын жеті күнде төлей қоймағандарға айыппұл салынады. 

Көлік министрлігі жүргізушілерді осылай қорқытып, жол жүру ақысын 7 күннің ішінде төлеу қажет екенін еске салды.

Қазақстанның ақылы жолдары үшін төлем жасаудың 20-дан астам әдісі бар. Оның ішінде QAJ mobile қосымшасы, Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank арқылы және басқа да әдістер.

Жол ақысын төлемеген жағдайда, 8-ші күні әкімшілік айыппұл есептеледі.

Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері - 5 АЕК, заңды тұлғалар үшін - 10 АЕК. (2023 жылы 1 АЕК 3 450 теңгеге тең).

Көлік министрлігі жол қарызы бар автокөлік иелерін айыппұл салынбай тұрғанда қарыздарын өтеуге шақырады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ақылы жол айыппұл

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір