• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 08:46:25
Алматы
+35°

06 Желтоқсан, 2023 Барлық аймақтар

Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң өзгермейді

Бас прокуратура Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы депутаттардың ұсынысына қарсы шықты.

Фото: ашық дерек көзінен алынды

Қоғамда резонанс тудырған мәселе осылайша оңай шешіле салды. 

Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басшысының орынбасары Сәкен Сәмет бұл жағдайларда әкімшілік жауапкершілікке тарту тиімдірек екенін айтады.

Еске салайық, Әділет министрлігінде депутат Асхат Аймағамбетов әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға қатысты заң жобасына депутаттар енгізуді ұсынып отырған нормалармен таныстырды. Оның ішінде ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру жағдайлары бойынша ішінара қылмыстық жауапкершілікке тарту, педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру, жұмыс орнында қысым көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу және т.б. бар. Кейін Премьер-Министр Әлихан Смайылов ұсынылған нормалардың басым бөлігі үкімет тарапынан қолдау тапқанын айтты.

Сенаттағы талқылау барысында Сәкен Сәмет полицияға күн сайын тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 300-ге жуық хабарлама келіп түсетінін айтты. 11 айда осындай фактілер бойынша 58 мың азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 819 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

– Қоғам тағы да тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр. Петицияға қазірдің өзінде 150 мыңнан астам қол жиналды. Біздің академия ғылыми зерттеу жүргізді, бірақ олардың қорытындысы бойынша бұл құқық бұзушылықтарды қылмыстық жауапкершілікке тартудың қажеті жоқ екендігі белгілі болды. Өйткені, бұған дейін бұл өзгерістер әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен қылмыстық кодекске төрт рет көшкен. Қылмыстық кодексте болған кезде ұзақ процессуалдық әрекеттерге байланысты жәбірленушілер агрессияға шыдауға мәжбүр болды, тиісінше, шағымдар номенклатуралық іс ретінде есептен шығарылды, ал қол көтергендер жазадан құтылып кететін, – дейді Сәкен Сәмет.

Айтуынша 1 шілдеден бастап біз декларациялаудан жеке басын анықтау рәсіміне көшкен. Енді зорлық-зомбылық жасаушы адамды жазалау үшін жәбірленушінің арызы талап етілмейтін көрінеді. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК қайта татуласу мүмкіндігін жоққа шығарады. Нәтижесінде, олардың саны төрт есеге өскен. 

Бір сөзбен айтқанда қазіргі әкімшілік процедура әлдеқайда тиімді болмақ. Аталған жағдай бірер апта ушығып тұрғанынан қарамастан бұл мәселе су сепкендей басылды. Айканың тізіміндегілерді сынап, талдап үлгермей жатқан халық зорлық-зомбылыққа қатысты заң өзгергенін аңдамады да. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір