• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Наурыз, 01:05:55
Алматы
+35°

06 Желтоқсан, 2023 Барлық аймақтар

Қазақстанда 2024 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері белгіленді

Мемлекет басшысы "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Фото: ашық дерек көзінен алынды

Заңға сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

- ең төменгі жалақы 85 мың теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 мың теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 мың теңге;
- айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін өмір сүру минимумы 43 мың теңгені құрайды.

Жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бөлінген қаражат олардың сомаларының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9%-ға ұлғаюы ескеріле отырып беріледі.

Бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және республикалық маңызы бар қалалардың бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемі 5,2 триллион теңге сомасында көзделген, оның ішінде:

- Абай облысына – 234 948 938 мың теңге;
- Ақмола облысына – 354 724 684 мың теңге;
- Ақтөбе облысы – 293 012 614 мың теңге;
- Алматы облысына – 183 608 471 мың теңге;
- Шығыс Қазақстан облысына – 245 334 008 мың теңге;
- Жамбыл облысына – 426 356 383 мың теңге;
- Жетісу облысына – 355 343 578 мың теңге;
- Батыс Қазақстан облысына – 251 390 766 мың теңге;
- Қарағанды ​​облысына – 322 790 809 мың теңге;
- Қызылорда облысына – 433 008 847 мың теңге;
- Қостанай облысына – 318 913 396 мың теңге;
- Маңғыстау облысына – 135 605 790 мың теңге;
- Павлодар облысына – 132 387 464 мың теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысына – 316 648 616 мың теңге;
- Түркістан облысына – 1 001 641 890 мың теңге;
- Ұлытау облысына – 51 803 957 мың теңге;
- Шымкент қаласы – 207 506 595 мың теңге беріледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақ Орда

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір