07 Желтоқсан, 2023 Барлық аймақтар
Фото: company.medelement.com
2023 жылдың 9 желтоқсан күні (сенбі) сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында асқазанның, ұйқы безінің және бауырдың қатерлі ісіктерін ерте анықтау мақсатында тегін профилактикалық тексеру өтеді.
Тегін қабылдауды институттың абдоминальды онколог-дәрігерлері өткізеді.
"Жақындарыңызды денсаулығы мазалап жүрсе, дәрігерге қаратып алуға болады. Тексерілу қажет деп тапсаңыз, институттың абдоминальды онколог дәрігерлері сізді тегін қабылдайды. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы керек", – делінген хабарламада.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 91 (Орталық стадионға қарама-қарсы)
Қосымша ақпарат мына телефон бойынша: +7 727 349 6116.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір