07 Желтоқсан, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
2024 жылдың 17 наурызында Ресейде президент сайлауы өтетін болады. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады. Бүгін Мәскеуде өткен пленарлық отырыста осындай қаулы қабылданды.
Аталған құжат ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
"Егер сайлау тағайындалатын жексенбі жұмыс істемейтін мерекені қамтитын аптаға сәйкес келсе, онда сайлау келесі жексенбіге белгіленеді. Алдыңғы сайлау наурыз айында өтті. 2024 жылғы екінші жексенбі 10 наурызға келеді, бірақ осы аптада жұмыс істемейтін мереке - 8 наурыз бар. Сондықтан алдағы президент сайлауы 2024 жылдың 17 наурызына белгіленуі тиіс", деді сенатор Андрей Клишас.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір