• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қазан, 10:25:58
Алматы
+8°

27 Желтоқсан, 2023 Барлық аймақтар

Қайран ақша! Су болып еріп жатыр...

Павлодардың қырсық әкімі жаңа жыл тойлаймын деп шығынға батырды.

Фото ашық дереккөзден алынды

Қазақстанда жылда жаңа жылдың алдында әкімдер алақанын ысқылай бастайды. Құр дырдуға төгілетін миллиондар, миллиардтар...

Жаңа жылға шыршалар орнату жылдағы үрдіс. Кәдімгі шырша, бірақ құны миллиондарға кете береді.

Биыл өңір әкімдіктері жаңа жыл тойына арнап шыршаларды қаншаға орнатты? Атырау қаласы өнерпаздар мен отшашудың шығынын қоспағанда, шыршаны безендіруге жергілікті бюджеттен 19 миллион теңге бөлген.

Алматы қаласында шамамен жарты млрд теңге жұмсалған. Қызылорда облысында шыршаға қанша қаржы бөлінгенін нақты білмедік, бірақ олардың шыршасы көп ұзамай сымдардың тұйықталуынан жанып кеткенін білдік.

Әсіресе қатты масқара болғаны – Павлодар қаласының әкімдігі. Ондағылар биыл шырша ғана емес, мұз қалашық саламыз деп шешіпті. Әлгі мұз қалашыққа бюджет қаражатынан 53 миллион теңге жұмсалған. Бірақ ауа райы +3 градусқа дейін күрт жылып, мұз қалашық су болып, дүйім Қазақстанның көз алдында еріп жатыр. Жаңа жылға жетпей.

Қала әкімі Хасар Хабылбеков мұз қалашықты салмастан бұрын зиялы қауыммен ақылдасқан деседі. Алайда оның 52 миллионға шырша, 53 миллионға мұз қалашық салуына ешкім келісе қоймаған екен. Қырсық әкім сонда да өз дегенін жасап, пайдасыз дүниеге 105 миллионды сарп еткен. Әрине, бюджет қаржысына.

«Өңірде қыс ерекше жылы, жаңбырлы болатынын бүкіл ел естіді. Бірақ бір де бір адам қой демеді. Депутаттар, сіздер енді сайлаушыларға не дейсіздер? Шана бар, сырғанақ жоқ. Сауал салар шама бар ма?» деген сауал тастады ҚР журналистер одағының Павлодар облыстық филиалы директоры Болат Аманбаев.

Жаңа жыл мерекесін тойлама демейді ешкім. Бірақ жыл сайын мемлекеттік шенеуніктер мереке ұйымдастыру мен шырша сатып алу үшін неге миллиардтар жұмсайды? Шыршаны құр сәндеуге миллиондар кетеді, мұның бәрі мемлекеттік сатып алулар арқылы жүзеге асады. Әкімдіктер үшін жаңа жыл мерекесі бюджетті ысырап қылып, жемқорлық тәуекелін тудыратын науқанға айналып кеткені өкінішті. Мұны доғаратын кез қашан туар екен?

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір