• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 09:03:30
Алматы
+12°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.

«Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:

  • Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
  • Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін.
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын,

делінеді президент қаулысында.

Жетіген ауылы 1993 жылға дейін Николаевка, 1873 жылға дейін Кутентайское деп аталған.

2022 жылы ауыл тұрғындарының саны 25 мың адамнан асқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір