• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 11:06:31
+7°

05 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Әскери қызметтен жалтарғандарға қандай жаза қарастырылған?

Қазақстанда әскерге көктемгі шақыру 30 маусымға дейін жалғасады.

Фото: kazpravda.kz

Қазақстанда 1 наурыздан бері әскер қатарына шақыру науқаны болып жатыр. Заң бойынша, Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергілікті әскери органның шақыруы бойынша шақыру комиссиясына келуге міндетті. Алайда, белгіленген уақытта әскери комиссариатқа келмеу әскери қызметтен жалтару болып есептеледі.

Әскери есепке қою жөніндегі міндетті орындамаған және әскери қызметтен жалтарған жағдайда мұндай құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 387-бабына сәйкес, "әскери қызметтен жалтару" бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Әскери қызметтен босатуға заңды негіздер болмаған кезде әскери қызметке шақырудан жалтарған үшін 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза қолданылады, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір