• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 15:53:47
Алматы
+8°

15 Сәуір, 2024 Ел

Ресейде соғысқа түрмеде отырған әйелдер шақырылуда – ресейлік БАҚ

Ресейлік құқық қорғаушылар мен БАҚ өкілдері Краснадордағы тұтқын әйелдердің соғысқа тартылып жатқаны туралы хабарлаған еді.

Фото: ашық дереккөзден

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаға қарсы соғыс жүргізу үшін қосымша адам ресурстарын іздеп, Ресей колонияларындағы әйелдерді белсенді түрде тартуда. Бұл туралы Украинаның Ұлттық қарсыласу орталығына сілтеме жасап dw.com сайты хабарлады.

"Бірінші кезекте тұтқын әйелдер арасынан дәрігерлер, мергендер іріктеледі. Сондай-ақ әйелдер қаласа, шабуылдаушы жасақтарға да алынады. Түрмедегі әйелдерге ақша және үйлеріне қайту мүмкіндігі уәде етілген және олардың көпшілігі тірі оралатынына сеніп, ұсынылған шарттармен келісіп жатыр", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Бұған дейін ресейлік құқық қорғаушылар мен БАҚ әйелдерді Украинаға қарсы соғысқа тарту туралы хабарлаған болатын. Мәселен «Русь сидящая» құқық қорғау жобасының негізін қалаушы Ольга Романова Ресей Қорғаныс министрлігінің үгітшілері тұтқын әйелдерді Украинадағы соғысқа жіберу үшін жалдап жатқанын бірнеше рет атап өтті.

Жалпы осындай алғашқы хабарламалар 2023 жылдың көктемінде пайда болған. Бірақ ол кезде Романова мен Украина Қарулы Күштерінің Бас штабының мәліметі бойынша, жалдау Украинаның оккупацияланған аумақтарындағы колонияларда жүрген.

Артынша Ольга Романова әйелдерді соғысқа жаппай тарту Ресей аумағында жүзеге асырыла бастағанын да айтқан болатын. 

Айта кетсек, Украина да сарбаз жетіспеуіне байланысты әскерге әйелдерді де жаппай шақыру жұмыстары жүргізілуде. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір