• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Маусым, 00:59:55
Алматы
+35°

Қазақстанның ғылыми қоғамдастығы трансформацияның қиын кезеңін бастан кешіп жатыр. 2000 жылдардың басында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының (Академия) мәртебесі өзгертілді және оның құрылымы қоғамдық ұйым болып ауыстырылды. Бұл қадам ғылыми институттардың дербес болуының әлемдік трендіне сәйкес келді. Алайда іс жүзінде дербестікті күшейтудің орнына Академия әлсірей бастады. Жылдар бойы ғылымның орталығында болған Академия ғылымды басқару жүйесіне кіріктірілмеген болып шықты. Ол тұрақты қаржыландырудан айырылды. Оған мүше болу ықпалды, бірақ ғылымнан алыс адамдарға қолжетімді болып шықты. Мұның бәрі Академияның мемлекет және қоғам алдындағы беделі мен ықпалын төмендетті.

Бүгін талқыланып жатқан мәселе мынау – "Президент жанындағы" мәртебесіне дейін көтеру Академияның мәселелерін шеше ала ма? Бұл шынымен де жанданудың кілті болуы мүмкін сияқты, бірақ менеджмент жүйесімен қосарлама күрделі жұмыстар жүргізілетін болса ғана. Ресми мәртебені ғана өзгерту арқылы түрленулерге қол жеткізу мүмкін емес. Билік органдары да қатты әсер етпеуі мүмкін.

Істің мән-жайы мынада: Академия енді мемлекеттік секторға кіреді және оны басқарудың тиімділігі көп жағдайда жеке құрылымдарға қарағанда төмен болады. Мұны халықаралық рейтингтер де көрсетеді. Мәселен, Дүниежүзілік банктің деректеріне сәйкес Қазақстан мемлекет тиімділігінің индикаторы бойынша елдердің 58%-нан асып түседі. Мұны жақсы нәтиже деуге болады және Ресейге қарағанда әлдеқайда жақсымыз, бірақ әлі де әлемдік тәжірибеге жетпейді. Тіпті Академияның өзінде де қазіргі уақытта басқаруда сәтсіздіктер орын алды. Реформаға дейін Академия мүшелеріне кейде айтарлықтай ғылыми еңбегі жоқ адамдар сайланатын. Ал жаңа Академия мүшелерін тағайындау процесі мүшеліктің нақты критерийлерін, соның ішінде реформаға дейінгі Академия мүшелерін толықтыру критерийлерін анықтай алмауына байланысты екі жылға созылды.

Сонымен қатар кеңестік тәсіл қайта қаралған жоқ, оған сәйкес ғылым ғылыми-зерттеу институттарында бөлек жасалатын, ал университеттерде тек оқыту процесі жүретін. Нәтижесінде университеттің ғылыми кадрларының әлеуеті жеткіліксіз пайдаланылды. Онымен қоса қазіргі заманғы университет – бұл жай ғана білім тарататын орын емес, өнертабыстар мен инновацияларды, яғни өмірге әкелген өнертабыстарды генерациялау орны. Ол үшін 21 ғасырда тек аналитикалық ойлау ғана емес, кәсіпкерлік ойлау да қажет. Солай бола тұра инновацияларды құруда ойлаудың 5 түрі маңызды – аналитикалық, конструктивтік, сыни, креативті және кәсіпкерлік. Ал соңғы үш ойлау түріне қатысты қазақстандық ғылыми қоғамдастықта, өкінішке қарай, олқылықтар бар. 

Ғылымдағы менеджмент мәселелерінің нақты сандық әсерлері бар. Қазақстанның Грузиямен салыстыруында бұл айқын көрінеді. Қазақстан ғылымға көп ақша жұмсағанына қарамастан, Грузия 1 млн адамға шаққанда ғалымдар саны бойынша 2,7 есе және Web of Science беделді халықаралық базасында ана тілінде ұсынылған жарияланымдар саны бойынша 6 есе озып отыр.

Қазақстандық академиялық қоғамдастық үшін ғылым дамуы және салық төлеушілердің ақшасына алынған ғылыми нәтижелердің ашықтығын қамтамасыз етуге  қатысты біраз сұрақ бар. Осы уақытқа дейін қазақстандық ғылыми журналдарды біріктіретін ғылыми жарияланымдардың ұлттық деректер базасы жоқ.

Мұның бәрі бұл тек ғылым мен ғылыми қауымдастық үшін ғана маңызды мәселелер емес. Ғылымды басқарудағы мәселелер жалпы экономикалық маңызға ие. Мирзобобо Ёрмирзоевтың "Economic Growth and Productivity Performance in Central Asia" зерттеуінің деректері бойынша 2010 жылдары Қазақстан экономикасының өсу қарқынының төмендеуі – бұл ең алдымен инновацияның төмендеуінің, жиынтық факторлық өнімділіктің (Total factor productivity, TFP) өсуінің баяулауының нәтижесі. TFP – бұл технологиялық прогресс пен инновацияның экономикалық өсуге қосқан үлесін көрсететін көрсеткіш. Егер ол төмен болса, онда елде жаңа ғылыми жетістіктер нашар енгізілуде, демек ұзақ мерзімді даму әлеуеті де шектеулі деген сөз. Бұл индикаторға мұқият назар аударған жөн. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының 2023 жылғы Жаһандық инновациялық индексінде Қазақстан білім мен технологияларды пайдалану нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша 132 елдің ішінде 83-ші орында тұр.

Алайда осы қиындықтарға қарамастан жаңа Академияның оптимизмге деген үлкен негіздері бар. Мемлекеттік мәртебені қайтару жаңа мүмкіндіктерді ашады. Академия қазір айтарлықтай әлеуетті сақтап қалды. Мұның көрнекі дәлелі – бұл Академия дайындаған мазмұнды және шынайылықты көрсететін ғылым жайлы жыл сайынғы ұлттық баяндама.

тошл

"Ескі" және "жаңа" Академия арасындағы қайшылықтарды шешу үшін белгілі бір қадам жасау керек. Ол – атауын өзгерту. Британдық Royal Society, неміс Макс Планк Қоғамы немесе Жапонияның Ғылыми кеңесі (Жапонияда "академия" деген бар, бірақ ол ғылымды басқару туралы емес, құрметті атақтар туралы) сияқты ұйымды "Қазақстандық ғылыми қоғам" деп атауға болады. Маңдайшаның өзгеруі "ескі" және "жаңа" академиктердің дауларын дипломатиялық тұрғыдан шешуге, мүшеліктің, қаржыландырудың, басқарудың, мемлекетпен және бизнеспен өзара іс-қимылдың жаңа стандарттарын белгілеуге мүмкіндік береді. Жаңа атау мен стандарттар мүшелерге реформаға дейінгі платформаны қалдыра отырып, Қазақстан ғалымдарының әртүрлі ұрпағын жақындастыруға арналған платформа бола алады. Қазақстан үшін мұндай трансформациялар бұрыннан таныс. Бұрынғы ғылыми дәрежелер жүйесіне қосарлама PhD енгізуі, қолданыстағы заңдарды жоймай ағылшын құқығымен АХҚО құрған кезі есімізде.

Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып озық басқару тәжірибелерін ғылыми қызметке де, шығармашылық қызметке де сәтті ауыстыруға болатыны анық. Кәсіпкерлік және ғылым – өзара жақын. Экономика жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаты Фридрих Хайек "Бәсекелестік ашылу рәсімі ретінде" атты мақаласында бизнесте де, ғылымда да шығармашылық ізденіс, бұрын белгісіз болған фактілер мен мүмкіндіктерді анықтау басты рөл атқаратынын көрсетеді. Хайектің айтуынша "бәсекелестік құндылықты білдіреді, сондықтан және тек сондықтан ғана оның нәтижелерін болжау мүмкін емес". Басқаша айтқанда кәсіпкер де, ғалым да күтпеген жаңалықтар жасау, ерекше шешімдер табу қабілетімен құнды.

Ғылым академиясы ғалымдардың зияткерлік кәсіпкерлігі үшін негіз қалауы керек. Экономика жоғары мектебінің профессоры С.Р. Филоновичтің пікірінше бұл негіздерге интеллектуалды батылдық, артық ақпарат пен белгісіздікке төзімділік, жаңа білімді қалыптастыру қабілеті мен мотивация жатады. Профессор Говард Стивенсон айтқандай "кәсіпкерлік – бұл қазіргі кездегі ресурстарға қарамай мүмкіндіктерге ұмтылу". Кәсіпкерлік пен ғылымның жақын болып келетінін ескере отырып, Академия менеджмент пен инновацияны дамытудың мамандандырылған институтын құруы керек. Бұл ұлттық деңгейде ғылыми-инновациялық жүйені басқарудың тиімділігін арттыруға және ғылыми институттар мен университеттерде ғылым мен инновацияларды басқару үшін менеджерлердің жаңа буынын дайындауға мүмкіндік береді.

Қожахметов Асылбек Базарбайұлы,
Алматы
Менеджмент Университетінің президенті

Новиков Вадим Витальевич,
Алматы Менеджмент Университетінің Assistant Professor-ы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір