• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Шілде, 20:46:10
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2024 NEWS

Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтап, оның серіктестікке қосқан үлесін атап өтті

Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, оның стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Фото: akorda.kz

Кремль сайтында құттықтау жеделхаты жарияланған.

"Ресей екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты, сондай-ақ еуразиялық экономикалық қоғамдастық, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы сындарлы өзара іс-қимылды дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалайды", – деді Путин құттықтауында.

Ресей басшысы достық қарым-қатынасты бағалайтынын айтты. Оның айтуынша, президенттер алдағы уақытта да ел халықтарының игілігі үшін жұмыс істейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір