• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:16:40
Алматы
+12°

Халықаралық отбасы күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында өткізілетін "Мерейлі отбасы" Ұлттық конкурсына 2024 жылдың 15 мамырынан бастап өтінім қабылдау басталды. 

Конкурсқа қатысу үшін отбасылар өтінім білдіріп, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатыса алады.  Құжаттарды тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың 15 маусымына дейінгі аралықты қамтиды.

Айта кетейік, Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі (Қағидаларға ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 қаулысымен өзгерістер енгізілді).

Конкурс өткізудің негізгі мақсаты:

1) Отбасы институтын, адамгершілікті, рухани құндылықтарды нығайту, ерлі-зайыптылар арсында қарым-қатынастың маңызы мен құндылықтарын тану;

2) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3) Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау;

4) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау

Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.

Алайда:

1) атқаратын қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;

2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар өкінішке қарай конкурсқа қатыса алмайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, жергілікті атқарушы органдар конкурстың негізгі ұйымдастырушылары болып табылады. Конкурс екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық кезең (республикалық маңызы бар қала, астана).

Конкурсқа өтінім жіберген отбасылар тиісті құжаттарды өткізуі тиіс. 

Комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:

      1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы визит карточкасы - таныстыру рәсімі);

      2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;

      3) отбасының рухани-адамгершілік кұндылықтары;

      4) балаларының және немерелерінің жетістіктері (бар болса);

      5) ата-аналарының үлгі тұтарлық жетістіктері;

      6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);

      7) отбасының дарындары;

      8) отбасының тұрмыс салты (саламатты өмір салты, бос уақыты);

      9) қоғамдық-пайдалы қызметке (волонтерлікке, қайырымдылыққа, меценаттыққа) қатысуы;

      10) жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік.

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мерейлі отбасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір