• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Қыркүйек, 03:15:57
Алматы
+8°

Алматының түнгі клубында есірткі таратумен айналысқан ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мәлімдеді.

Былтыр қыркүйек айында түнгі клубта синтетикалық есірткі сатып жүрген 27 жастағы жігіт ұсталған болатын. Тінту кезінде күдіктіден синтетикалық ұнтақ салынған түйіншек табылып, сот-химиялық сараптамаға жіберілген.

"Сотта ол қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігінің 6-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, қоғамдық орында жасалған іс-әрекеттер) бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды", – делінген хабарламада.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір