• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 19:19:44
Алматы
+12°

Мұхтар Мағауин соңғы сұхбаттарының бірінде жер сату мәселесі бойынша Шерхан Мұртазаны, Фариза Оңғарсынованы және Дулат Исабековты айыптайды. Осы жайлы «Күлтөбе» арнасының журналисі Берікбол Төлеген жазушының өзінен сұрап-білді.

«Бұл жер сатылмай қоймайды. Бірақ менің айтқан сөзімді Мұхтар Мағауин бұрмалап айтты. Мен «тек Қазақстанның азаматына сатылсын» дегенмін. Келімсектерге берілсе болады. Ал шетелдік азаматтарға мүлде жер сатылмауытиіс. Оларға жалға берсе, беретін шығар.Мәселен, қытайларға берсек, өмірі айырылмайды. Бір жерді сатып алса, бәрін жұмысшы деп алып келеді. Сөйтіп өз жерімізден өзіміз айырылып қаламыз. Жалпы шетелге жер сатуды қолдаған жоқпын», - деді Дулат Исабеков.

Дулат Исабеков Мағауиннің Шерхан Мұртаза мен Тұрар Рысқұлов жайлы айтқан пікірімен, «Рысқұлов ашаршылықты қолдан ұйымдастырды» деген ойымен толық келісе алмайтынын айтты.

«Шерхан Мұртаза жер сатылмай қоймайтынын білгеннен кейін қолдаса қолдаған шығар. Егер Тұрар Рысқұлов ашаршылық жайлы сондай хат жазған болса, мен де кешіре алмас едім. Бірақ қолыма ондай хат түскен жоқ. Мұхтардың қолына хат түсті ме, түспеді ме, қайдам. Мүмкін зорлап айтқызған шығар. Ал Мұхтар Мағауин тек жеке бастың қамын ойлайтын адам. Екеуміз айтысып жүріп, соңында мен нүктесін қойғандай болдым. Маған да айтпаған сөзі жоқ. «Үш-төрт шығармасын шеттіліне аудартып, өзінше мәз боп жүр» деді. 28 пьеса, 14 прозалық шығарма, 1 роман жазушы үшін аз ба? Пьесаларым Англияның төрі Лондоннан бастап, әлемнің он бір елінде насихатталып жатыр. Кітаптарым мен шығармаларым нашар болса,  шетелде басылып шықпас еді ғой. Мағауин Америкаға барғанда не істеді? Қазақ әдебиеті мен батыс әдебиетін салыстырып, мақала жазатын шығар деп едім. Түркияда қазақ-түрік мәдениеті мен әдебиеті жайлы үлкен мақала жазатын шығар деп ойлап едім. Қазақстандағы азаматтармен айтысумен-ақ, күнің өтіп жатыр.«Мен» деген роман жазды», - деді Дулат Исабеков «Күлтөбе» арнасына.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір