• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:46:22
Алматы
+12°
Елде мамыр айында 137,9 мың көлік құралы есепке қойылған, бұл  былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14,4%-ға төмен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.
 
1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 млн 473 мыңнан асқан. Оның 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк және 2,1% – автобустар.

"Көліктердің басым көпшілігі, атап айтқанда 81,9%, бензинмен жүреді, тағы 7,1% дизельмен жүреді. Экологиялық артықшылықтарға қарамастан, автомобильдердің тек 0,2%-ы газбен, тағы соншасы электр қуатымен жұмыс істейді. Бензин мен басқа отын түрімен аралас автомобильдердің үлесі – 7,5%. Сонымен қатар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электр қуатымен жүретін жеңіл автомобильдер саны 3229-дан 9906 бірлікке дейін 3,1 есе өсті. Электромобильдердің ең көп саны Алматы қ. – 5809 бірлік, Астана қ. – 1252 бірлік және Алматы облысында – 466 бірлік" делінген бюро хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: электрокар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір