• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 00:24:24
+8°

Банктерге мерзімі өткен несиелер бойынша борышкерлерге хабарлауға шектеу қойылады. Бұл туралы заң жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Заң жобасында банктен келетін қоңыраулар саны мен қоңырау шалатын уақытқа шектеулер енгізу жоспарланған.

"Борышкерлерге жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңде үш реттен артық емес және демалыс және мереке күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге дейінгі кезеңде екі реттен көп емес қоңырау шалуға болады", - делінген құжат мәтінінде. 

Сонымен қатар, қаржы ұйымының өкілі борышкердің ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуға тыйым салынады. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: банк несие

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір