• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 01:14:56
Алматы
+7°

22 Қараша, 2024 NEWS

Қазақстанда алдағы жылдары мұнай өндірісі азаяды ма?

«Қазмұнайгаз» компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында келер жылдың мұнай өндіру жоспары мұнай бағасына байланысты құбылуы мүмкін екенін айтты.

Көрнекі сурет

«Дәл қазір өндіріс көлемі артып отыр. Жылдың жоспарымыз 19,5 млн тонна болған. 10 айдың қорытындысы бойынша 19,9 млн тонна өндірдік. Сонда мұнай өндіру көлемі бойынша жоспардан 400 мың тоннағы артық жылжып барамыз. Жоспар 19,5 млн тонна болса, факт 19,9 млн тонна. Келесі жылы кемінде биылғы жоспардың көрсеткішін ұстап тұрамыз. Оның бәрі мұнай бағасына байланысты екенін білесіз ғой. Бірақ біздің міндет – әрине, өндіріс көлемін азайтпау», - деді Асхат Хасенов журналистің сұрағына берген жауабында.

«Қазмұнайгаз» басшысының айтуынша, Қазақстан 2024 жылдың тоғыз айында 18 млн тонна мұнай өндірген. Бұл былтырғы көрсеткіштен 3% артық.

«Мұнай тасымалдау көлемі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 6-ға жоғары болып, шамамен 63 млн тоннаға жетті. Мұнай өңдеу жоспарға сай толық көлемде орындалды. KPI зауыты 2024 жылдың тоғыз айы ішінде 166 мың тонна полипропилен шығарды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 84 пайызға көп. Зауытта барлық кепілдік сынақ жұмыстарын аяқтады, алдымыздағы мақсат — жобалық қуатына шығу», - деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір