• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 02:38:58
Алматы

29 Қараша, 2024 NEWS

Мектепте орамал тағуға тыйым салынды

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соты мектепте орамал тағуға қатысты ішкі тәртіп ережелері ісін қарады.

Көрнекі сурет

Талап қоюшы министрдің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы бұйрығында баскиім киюге тыйым салынбаған деген уәжбен сотқа жүгінді. Ол шаш пен мойынды жабатын орамалды діни сипаттағы киімге жатқызумен келіспейді. 

Сот тараптардың дәлелдерін зерттеп қарастырды.

"Білім туралы" Заң мен мектептің Жарғысы мектеп формасы барлық оқушылар үшін діни немесе басқа да ерекше белгілерсіз біртұтас болуы керек деп ұйғарады. Бұл оқушылар арасындағы теңдікті, бейтараптықты және үйлесімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Әртүрлі конфессиялардың элементтерін мектеп формасына енгізуге жол берілмейді", – деген қорытындыға келді. 

Соттың қорытындысына сәйкес, бірыңғай форма ұйымдасқан және тәртіпті оқу ортасын құруға ықпал ететін маңызды элемент.

"Ата-ана балалардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюін қамтамасыз етеді. Сот білім беру мекемелерінің белгіленген талаптарын сақтаудың маңыздылығына назар аударды. Сот қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасын заңсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты", – делінген соттың шешімінде. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: орамал мектеп

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір