• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:38:10
Алматы
+35°

13 Қазан, 2015 Аймақтар

Жылқы - Ұлы Жібек жолының символы - К. Хафизова

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Ғылым ордасы» РМК кешенінде «Орталық Азиядағы тарихнама және деректер: өткені, бүгіні және болашағы...

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Ғылым ордасы» РМК кешенінде «Орталық Азиядағы тарихнама және деректер: өткені, бүгіні және болашағы туралы жаңа зерттеулер» атты Халықаралық семинар-практикум барысында белгілі шығыстанушы, Қазақстанда Қытайтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі, тарих ғылымдарының докторы Клара Хафизованың орыс тілінде  шыққан «Диалог цивилизаций на Щелковом пути» және «Восточная дипломатия на стыке цивилизаций» атты екі кітабының таныстырылымы болды.
«Батыс өркениеті тарапынан көшпелілерді жабайы, басқыншы ретінде берілген түсініктен арылатын кез келді. Мен бір кітабымда Орталық Азия халықтарының елшіліктері жөнінде кесте жасадым. Одан әскери қақтығыстар мен жаулап алушылықтан көрі, елшілік байланыстардың едәуір көп болғанын көруге болады. Өйткені, ұлан-ғайыр даланы мекендеген көшпелілер қай кезеңде болмасын бейбіт жағдайда өмір сүруге, өзара сауда-саттық жасауға ұмтылған. Бұл жерде Ұлы Жібек жолының орны ерекше. Оның символы да құрбаны да - жылқы. Бүкіл өркениеттер байланысы жылқының арқасында жүзеге асты. Қытай жібекті жылқыға айыбастау үшін батыс аймақпен сауда-саттық орнатты. Ұлы Жібек жолы осыдан бастау алады. Ол көне заманда Жылқы жолы атанған», - деді Клара Хафизова.

Сонымен қатар, бүгінгі алқалы жиында Қазақ КСР-ның 1969 жылы Алматыда жарық көрген «XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының тарихы туралы материалдар (парсы және түрік шығармаларына алынған деректер)» жинағының толықтырылып қайта басылып шығарылған нұсқасының тұсаукесері өтті.

Ұсынылған жинақтың деректік негізін XV-XVIII  ғасырлардағы тарихты зерттеу аясындағы парсы және түркі тілінен аударылған шығармалар құрайды.

Кітапты Астанадағы Халықаралық түркі академиясы мен Алматыдағы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнография институты бірлесіп әзірлеген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір