• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:01:48
Алматы
+12°

30 Қаңтар, 2016 NEWS

Серікжан Мәмбеталиннің кешірім сұраған хаты жарияланды

Ұлтаралық араздықты насихаттады деген айыппен екі жылға бас бостандығынан айырылған белгілі саясаткер, ұлтшыл патриот Серікжан Мәмбеталин Facebook әлеуеттік...

Ұлтаралық араздықты насихаттады деген айыппен екі жылға бас бостандығынан айырылған белгілі саясаткер, ұлтшыл патриот Серікжан Мәмбеталин Facebook әлеуеттік желісінде өзіне тағылған айыпты – бас бостандығынан айыру жазасын жұмсартуды сұраған хаты жарияланды. Хат иесі оқырмандардан қолдау күтетіндігін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы.

«Қымбатты достар және менің тағдырыма алаңдаушылық танытқан әріптестер! Өздеріңіз білетіндей, жуырда ғана мені «ұлтаралық араздықты» насихаттады деген айыппен сот отырысы өтіп, судья 2 жыл бас бостандығымнан айыру туралы шешім қабылданды. Мен түзеу мекемесінде отырған сәттерімде көп ойланып, өз іс-әрекетімді терең таразылаудан өкізіп, көптеген қателіктерге ұрынғандығымды ұқтым. Оның көптеген айғақ, дәлелдері де жеткілікті. Сондықтан да маған тағылған айыптар мен қате-кемшіліктерімді толық мойындаймын. Қазақ халқын ұлт ретінде кемсітетін теріс бағыттағы кітаптан үзіндіні әлеуметтік желідегі парақшамда жазып, жариялағанымды да жоққа шығара алмаймын. Мұндай әрекет жасап жатқан сәтімде, мен оның соңы осындай жағдайға әкеп соқтыратындығын толық түсінбедім. Мен оны арандату мақсатымен жасамасам да, өз қателігімді толық мойындаймын. Менің бизнеспен айналысып, біршама уақыт шетелде тұрғанымды көптеген адамдар біледі деп ойлаймын. Біраз жылдар еліміздегі қоғамдық-саяси жиындарға белсенді қатысып, еліміздегі жағдайды одан сайын жақсартуға тырысқанымнан да хабардар болса керек. Жеке отбасылық өмірімде де соңғы жылдары елеулі өзгерістер орын алды. Алматы қаласында қыркүйекте ұлым дүниеге келді. Мен ұлымның осы өлкенің тумасы, бел баласы болып өсіп, Қазақстанның тең құқылы азаматы ретінде ержеткенін қалаймын. Ата-анам да осы елде тұрып, өз Отандары алдында көп еңбек етті. Анам – еліміздің еңбек сіңірген акушер-гинекологы ретінде көп жылдар бойы Ұлттық медицина академиясында ұстаздық етіп, білікті мамандар даярлап шықты. Әкем де ақ халатты абзал жан ретінде ел азаматтарының денсаулығын түзеуге атсалысты. 
Сондықтан мен расымен де қателестім және өз қатемді толығымен түсіндім, бірақ бұл қылмысты әдейі жасаған жоқпын. Мені дұрыс түсінулеріңізді сұраймын» деген С. Мәмбеталин өзінің жазбасында.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін де "Алауыздық туғызды" деген айыппен істі болған қоғамдық белсенді Болатбек Біләлов те қателігін мойындап, сотта кешірім сұраған болатын. Сот оған үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын белгілеп, сот залында босатқан еді.

Qamshy.kz

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір