• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 15:48:12
Алматы
+35°

19 Желтоқсан, 2017 NEWS

Алматыда «Тәуелсіздікке тарту» респубикалық қорытынды айтысы өтеді (видео)

Айтысты ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді

Тәуелсіздіктің алтын бесігі – Алматы шаһарында «Тәуелсіздікке тарту» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Оған еліміздің әр өңірінде жыл бойы өткен айтыстардың жеңімпаздары, алаштың ақиқатын айтып, төл өнеріміздің мәртебесін асқақтатып жүрген азулы, арқалы ақындар қатысып, жылдың қорытынды айтысын жасайды. Еліміздегі кіл жүйріктер қатысатын дүбірлі додада ақындарымыздың көрермендерге ұсынары мол болмақ. Сондай-ақ, айтулы айтыскерлерді де бұрынды-соңды болмаған тосын сый күтіп тұр.

Жыр сайысына Айбек Қалиев, Ринат Зайытов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мақсат Аханов, Әсем Ереже, Мейірбек Сұлтанхан,  Рүстем Қайыртай, Шалқарбай Ізбасаров, Мұхтар Ниязов, Иранғайып Күзембаев, Серікзат Дүйсенғазы,  Дидар Қамиев, Қалижан Білдәшев,  Хазірет Бердіхан, Ершат Қайболдин, Марат Ахметов сияқты жылдың ең үздік ақындары қатысады.

Айтысты ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді.

Алматы

Ұйымдастырушы: Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағы.

Айтыстың бас бәйгесі бес миллион теңге.

Уақыты: 2017 жыл, 29-30 желтоқсан, Сағ: 15:00.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы(әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да)

Билеттер Студенттер сарайының кассасында сатылуда.

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір