• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:24:33
+35°

27 Желтоқсан, 2017

Айжан Байзақованы белгісіз адамдар соққыға жыққан (фото)

Бұл туралы Жібек Байзақова мәлімдеді. Айжанның соққыға жығылған фотосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Қазақстандықтардың ашуына тиген Айжан Байзақованы белгісіз біреулер соққыға жыққан деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі today.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Бұл туралы Жібек Байзақова мәлімдеді. Айжанның соққыға жығылған фотосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

«Бардың өкілі ретінде қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Осы оқиғаға қатысты қызметкерлер жұмыстан шығарылды. Себебі олар осы оқиғаны қадағалап, тоқтатпады. Бұл оқиғада біздің де кінәміз бар, әрине», деді Жібек Байзақова.

байзақова

Сонымен бірге Жібек Байзақова би жарысы қыздардың шешінуімен аяқталғанын айтты.

«Барлығы би жарысынан басталды. Кейін клубқа келушілер қыздардың шешінуін сұрады. Біз тек бимен таңғалдыру керек деген кезде 1-ші нөмірлі қыз өзінің іш киімін шеше бастады. Бұл оқиға видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіге тарады. Бірақ бұл жерде Айжанның кінәсі жоқ», деді Жібек Байзақова.

Ал Айжан Байзақованың соққыға жығылғанын растады.

«Айжанды белгісіз адамдар соққыға жыққаны рас. Бұл даулы оқиғадан кейін болды. Бірақ қатты жарақат алмағандықтан полиция қызметкерлеріне арызданбадық», деп айтып өтті Байзақова.

«Инстаграм қолданушылардың көпшілігі Айжанды сынап жатыр. Олар Айжанды тіпті жек көреді. Себебі Айжан өз қалауынша өмір сүруде. Бірақ шындығына келгенде Айжанның өз өмірі өз қолында, не істеймін десе де өзі біледі. Ал сайысқа келетін болсам, Айжан қыздарға «ертең осы әрекеттерің үшін өкінетін боласыңдар», - деп ескертті. Алайда олар Айжанның айтқанына құлақ аспай, «біз мас емеспіз, не істеп жатқанымызды білеміз», - деп айтты. Кейін 50 мың теңгені жеңіп алған қыз ақшаның барлығын клубқа келушілерге таратып берді. Мен оның не үшін шешінгенін түсінбедім», дейді Жібек Байзақова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір