• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:33:33
Алматы
+35°

08 Сәуір, 2019 NEWS

Бауыржан Байбек "Көк Жайлау" жобасын кейінге қалдырды

Бауыржан Байбек қоғамдық кеңестің жиылысы барысында «Көк-Жайлауға» қатысты пікірін білдірді

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қоғамдық кеңестің жиылысы барысында «Көк-Жайлауға» қатысты пікірін білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz   сайтына сілтеме жасай отырып.

"Тау — біздің үлкен мүмкіндігіміз. Аустриялық мамандардың айтуынша, тау туризміне 1,5 млрд доллар құйылса, 7-10 жылда өз ақшасын ақтап, жыл сайын 2 млрд доллар пайда таба аламыз. Бұл Үлкен жоба арқылы 20 мың жұмыс орнын ашуға болады. Дегенмен, бұл жобаны әлі жетілдіру қажет.  Курорттық аймақтарды жетілдіру үшін кем дегенде  3-5 жыл уақыт кетеді. Осы уақыт аралығында біржама тәжірибе жинап, сапалы кадрларды іріктейміз, халықтың пікірін білетін боламыз. Сондықтан «Көк-Жайлау» курортын салуды кейінге қалдырамыз." деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек

Жиын соңында Қоғамдық кеңестің төрағасы Рахман Алшанов «Көк-Жайлау» мәселесін талқылауға ұсынды. Кеңес мүшелерінің барлығы дерлік қала әкімінің курорттық жобаны іске асыруды кейінге қалдыру туралы бастамасын қолдады.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір