• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:55:57
Алматы
+35°

26 Сәуір, 2019 Спорт

Бек Нұрмағанбет – Азия чемпионы (видео)

Бұған дейін Тұрсынбай Құлахмет ең алғашқы алтынды алып келген болатын.

Таиландта өтіп жатқан Азия Чемпионатында қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет алтын медальға қол жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

81 килограмм салмақта сынға түскен қазақстандық боксшы қарсыласы Филиппиндік Джон Нобель Марвиннен басым түсіп, Қазақстан қоржынына Азия Чемпионатындағы екінші  алтынды алып келді.

Еске сала кетсек, 75 килограмм салмақта Тұрсынбай Құлахмет Қазақстан қоржынына Азия Чемпионатындағы ең алғашқы алтынды, ал 60 килограмм салмақта сынға түскен, Закир Сафиуллин күміс медаль еншілеген болатын.

Оқи отырыңыз, ♦Тұрсынбай Құлахмет Азия Чемпионатындағы алғашқы алтынға қол жеткізді (видео)

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір