• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 08:10:48
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2019 Әлем

Данэлия Төлешова The World's Вest шоуының екінші кезеңінде жеңіске жетті (видео)

"Мен жаңа жұлдыз баланың пайда болғанын сездім", - деді қазылар алқасының мүшесі Ру Пол.

Данэлия Төлешова The World's Вest байқауының екінші раундында ән шырқады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл раундта ұтылған әнші байқаудан шығады, қазақстандық әншінің қарсыласы жапон скрипкашысы Манами Ито болды. Данэлия Stone Cold әнін шырқады. Бұл әнді ол "Голос.Дети Украина" байқауында шырқаған.

♦Димаш The World's Вest шоуында сахнаны жарды (видео)

Даниэля Тулешова

Төрешілердің шешімімен Данэлия 71-60 есебімен жеңіске жетті. 
"Мен жаңа жұлдыз баланың пайда болғанын сездім", - деді қазылар алқасының мүшесі Ру Пол. 

 Manami

Манами Итоның оң қолы жоқ, ол протезбен өнер көрсетеді. Ол ысқыны механикалық құрылғыға бекітеді, ол құрылғы иықтағы тысқа жалғанған. 

The World's Вest - талантты адамдарға арналған CBS телеарнасында көрсетілетін жоба. Төрешілердің арасында танымал актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл мен мктер Ру Пол, британдық күлдіргіш Джеймс Корден бар. Ақырғы шешімді үш басты төреші мен әр мемлекеттен 50 сарапшы қабылдайды.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір