• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:56:48
Алматы
+35°

25 Қазан, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Назарбаев Саакашвилидің қолына қамшы ұстата ма?

Грузияның бұрынғы министрі Михаил Саакашвилиді Қазақстанға шақырып, Үкіметті басқаруға мүмкіндік берсек, нұр үстіне нұр болады.

Нұр Қанатұлы деген атпен фейсбукте тіркелген азамат өзін блогер, қазақстандық кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтардың құқығы мен қызығушылығын қорғайтын қоғам белсендісі, жемқорлыққа жаны қас адам ретінде сипаттайды. Ол өзінің фейсбук парақшасында күні кеше ортаға бір ұсыныс тастады. Нұр Қанатұлының айтуынша, Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді Қазақстанға шақырып, Үкіметті басқаруға мүмкіндік берсек, нұр үстіне нұр болады. Фейсбукте жарияланған жазбаның  айна-қатесіз оқырман назарына ұсынамыз:

«Жақында ғана өз жолдауын жариялаған Елбасымыз еріншек, енжар, өз міндетін орындамайтын шенділерді қуып, олардың орнына шетелдік кәсіби мамандарды шақырамын деп біздікілерді қорқытты. Менің де Елбасыға айтар нақты ұсынысым бар. Михаил Саакашвилиді 5 жылға елімізге шақырайық, тіпті бүкіл командасымен келсе қарсы емеспіз. Елбасының қолдауымен Саакашвили бір-екі жылда ел ішінде тәртіп орнататынына сенімдімін. Нақты атқарған істері үшін оған бюджеттен қомақты қаржы берілсе де құба-құп.  Бастысы - нәтиже. Біздің Үкіметті немесе ең құрығанда бір маңызды орталықтың тізгінін қолына алғанын қалайтын едім. Ал сіз қалай ойлайсыз?»,-деп жазады Нұр Қанатұлы.

♦Жолы болмаған президент

Қоғам белсенді Нұр Қанатұлы бұл ұсыныс арқылы өзінің қазаққа қаншалықты жаны ашитынын көрсеткісі келді ме әлде бұл «лайк» жинап, танымалдылыққа ие болу әрекеті ме, білмедік. Саакашвили Украинаға барғанда дым бітірмегенін білеміз. Іріткі салып, масқарасы шығып, елден қуылды. Біздің билік Михаилге оң қабақ танытып, елге шақырып, қолына қамшы ұстатқанымен Саакашвили бір нәрсе тындыратынына күмәніміз бар.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір