• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:06:12
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2019 NEWS

Порошенконың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Приватбанктің ісіне араласу фактісі 2019 жылдың 18 сәуірінде өткен Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс кеңесінің отырысында тіркелді

Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенконы ПриватБанкті мемлекет меншігіне айналдыру жұмысын тоқтатқан судьяларға қысым көрсету фактісі бойынша Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Киев аудандық әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, Приватбанктің ісіне араласу фактісі 2019 жылдың 18 сәуірінде өткен Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс кеңесінің отырысында тіркелді деп хабарлайды ТАСС

Сотта анықталғандай, іс Украинаның Қылмыстық кодексінің «Сот органдарының қызметіне араласу» бабы бойынша басталды. Бұрынғы іс бойынша Киевтің аудандық әкімшілік сотының судьясына  Приватбанктің мемлекетке қайтарылуын жүзеге асыртпай қойған. Биліктегілер (Порошенконы қоса алғанда) сол үшін судьяларға қысым жасаған, осыған қатысты қазір  қайтадан  іс қозғалып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Петр Порошенкомен жанжалдан кейін украиндық атақты бизнесмен Игорь Коломойский Днепропетровск облысы әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды, ал келесі жылы мемлекет оған тиесілі «Приватбанкті қайтарып алуға әрекет жасаған. 

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір