• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:06:55
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2015 NEWS

«Қазақ дауысы» Халықаралық ән байқауының жеңімпаздары анықталды

Кеше Алматыдағы Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Халықаралық «Қазақ дауысы» ән байқауының қорытынды кезеңі – Гала-концерт өтті.

Кеше Алматыдағы Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Халықаралық «Қазақ дауысы» ән байқауының қорытынды кезеңі – Гала-концерт өтті.

Рухты көтеріп, сананы сергітетін ән кешіне айналған концертте қазылар алқасы жеңімпаздардың есімін жариялады.

Қазылар алқасының жан-жақты талқысы мен жанкүйерлердің интернет арқылы берілген дауыстары саралана келе Бас жүлдеге тағайындалған 1 миллион теңгелік сыйлық сайыстың төрт кезеңінен де сүрінбей өтіп, үздік өнер көрсеткен екі қатысушыға теңдей бөлініп берілді.

Сонымен, дәстүрлі әндерді орындаушы Сәкен Әлімхан мен эстрадалық жас әнші, байқауға Қытайдан арнайы келіп қатысқан Жаннәт Әділханқызы «Қазақ дауысы» Халықаралық ән байқауының Бас жүлдесіне лайық деп танылды.

Жиналған жұртшылыққа сайыс қатысушыларынан басқа, «Алашұлы» тобы, «Қас сақ» ұлттық этнографиялық ансамблі, Нұрлан Албан, Нұрболат Абдуллин, Сая Маханбет, Олжас Абаев, Әсет Есжан сынды әншілер, Қытайдан келген биші қыз Сая Бақытқызы ән мен биден шашу шашты.

Моңғолиядан келіп, байқаудың ақтық сайысына қатысқан әнші Қадықан Манайұлына қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам бастаған бір топ азамат арнайы ақшалай жүлде тапсырды.

Естеріңізге салсақ, алты айға созылған ән байқауында барлығы 220 үміткер бақ сынап, қатысушылардың өнерін Рамазан Стамғазиев, Еркін Шүкіман, Алтынай Жорабаева,Мөлдір Әуелбекова, Ұшқын Жамалбек сынды елге танымал әншілерден құралған қазылар алқасы бағалаған болатын.

 

Darkhan Muqantegi

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір