• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:49:07
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019 Саясат

Сайлауалды дебатта үміткерлер ауылды жақсартамыз деп уәде етті

Естеріңізге сала кетсек, дебатқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Мәулен Әшімбаев, Дания Еспаеваның атынан Азат Перуашев, Төлеутай Сатайұлының атынан...

Cайлауалды теледебат "Хабар" арнасында өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Теледебатта жеребе тастау әдісі арқылы алғашқылардың бір болып Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Мәулен Әшімбаев сөз алды. Дебатқа қатысушылардың реті бойынша Мәулен Әшімбаевтан кейін Төлеутай Рахымбаев, Жамбыл Ахметбек, Сәдібек Түгел, Әміржан Қосанов, Азат Перуашев, Әли Бектаев, Амангелді Таспихов өз ұстанымдарын таныстырды. 

Дебат барысында ел эконмикасын дамыту бойынша әр кандидат өз ұсынысын ортаға салды. Президенттікке үміткерлердің басым бөлігі ауылды дамыту жұмыстарын қолға аламыз деп уәде етті. Шағын және орта бизнесті дамытып, кәсіп ашуға ниетті жастарды қолдаймыз деп мәлімдеді.

Бірінші кезеңнің екінші бөлімінде Сәдібек Түгел Әміржан Қосановқа: "Әміржан халыққа бос уәде беріп жүрсіз. Ауылды дамыту үшін қандай ұсыныс айтасыз?", - деп сұрақ қойды.

"Қазіргі биліктің ауылға деген қарым-қатынасына түбегейлі қарсымын. Ауылдағы шағын және орта бизнесті дамытып, кәсіпкерліерді 3 жылға дейін салықтан босатқымыз келеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу орындарын ашу басты мақсатымыз. Бізді сайлаушыларымыздың дені ауылдан", - деп жауап берді Қосанов. 

Сонымен қатар екінші кезеңнің екінші бөлімінде білім саласына басты назар аударылды. Білім саласында министрлерді ауыстыра беру дұрыс емес деген пікірлерін жеткізді. 

Естеріңізге сала кетсек, дебатқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Мәулен Әшімбаев, Дания Еспаеваның атынан Азат Перуашев, Төлеутай Сатайұлының атынан Әли Бектаев қатысты.

Дайындаған: Сәбет Маржан 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір