• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:49:56
Алматы
+35°

03 Қазан, 2018 Саясат

Тағы да комсомол, тағы да Ленин!

Арамызда кеше күйреп қалған Кеңес одағын көксейтіндер жүргенінде Елбасымыз межелеген Мәңгілік елге қалай айналамыз?

Тағы да Павлодар облысының бас идеологы Мейрам Бегентаев мырзаның назарына!

Павлодар облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қарттар күніне орай дастархан жайылып, мәдени шара өткізілді (02.10. 2018). Өкінішке қарай, шараны жүргізуші алдағы 29 қазан күні комсомол ұйымының 100 жылдық мерейтойы аталып өтілетінін асқақ пафоспен айтып, қарттардың жас кезінде комсомол болғанын естеріне салды! Іле әншілер тобына қосылып «Комсомолцы - добровольцы» әнін шырқады!
Қазіргі біздің қазақстандық қоғамда ленинизм ілімі, компартия идеологиясы қолданылмайды, комсомол ұйымының орнына ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен жасөспірімдердің «Жас ұлан» ұйымы және «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты құрылған. Қызыл империяның мемлекеттік рәміздері мен әнұранының орнына Егемен Қазақстанның рәміздері мен әнұраны қабылданған. Демек, оларды елемей мемлекеттік мекемеде кеңестік дәуірді, коммунистік қоғамды дәріптейтін ән салып, компартия атрибуттарын жарнамалау саяси қателік болып табылады.
Бұл мәселені әлеуметтік желілер арқылы өзіңіздің назарыңызға ұсынғанбыз, БАҚ арқылы да көтергенбіз. Әйтсе де, еш нәтиже жоқ! Облыстық Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейіндегі оқиғаның ізі суымай жатып, облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде дәл соған ұқсас оқиға орын алды! 
Сіздің қарамағыңыздағы кеңестік қоғамды қимайтын қызметкерлер мемлекеттік мекемелерде өз көзқарасына сәйкес әлгіндей іс-шараларды талғаусыз өткізе беретін болса, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қалай жүзеге асырамыз? Арамызда кеше күйреп қалған Кеңес одағын көксейтіндер жүргенінде Елбасымыз межелеген Мәңгілік елге қалай айналамыз? 
Мені осындай ойлар мазалайды. Сізді ше?..

 

Арман Қани,
Павлодар қаласы

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір