• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:41:12
Алматы
+35°

18 Қазан, 2018 Әлем

Түрікменстанда тағы да нан жоқ

Ашхабадтық шолушы Аманмұрат Бугаев астанада да ұн тапшы дейді.

Соңғы екі күн бойы Дашогуздың мемлекеттік дүкендерінде нан жоқ деп хабарлайды Азатлыктың осы өңірдегі тілшісі.

«Дашогуздың мемлекеттік дүкендерінде нан сатылмайды. Адамдар ұн шығаратын зауыттың алдында күні бойы күтумен тұр. Жекеменшік дүкендерде мүлдем нан сатылмайды. Себебі барлық жерде ұн тапшы. Екі күн бойы осылай жалғасып келеді», - дейді аты-жөнін құпия ұстауды сұраған жергілікті тұрғын.

Тілшінің сөздерінше, дәл осындай жағдай Түрікменстанның Лебап және Балқан өңірлерінде де байқалады.

Ашхабадтық шолушы Аманмұрат Бугаев астанада да ұн тапшы дейді. Оның айтуынша, ұн, қант және өсімдік майы бұрынғысынша шектеулі мөлшерде сатылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір