• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:30:21
Алматы
+35°

Сайлауалды дебат аяқтала салысымен әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Халықтың басым көпшілігі дебат көңілден шықпады, қызу пікірталас болған жоқ деген ойларын білдіріп жатыр. Олай деуге бірнеше себеп бар. Біріншіден, сайлауға түскен үміткерлер толық қатыспады. Екіншіден, мемлекеттік тіл басымдықта болған жоқ.

Фейсбук әлеуметтік желісінде Есболат Айдабосын: "Қамшы ұстап, шапан киіп келген Сәді-Бек Түгелден өзгесі екі тілде сөйледі. Ол кемшілікті Сәкең сөз соңында айтып, алты азаматтың бетіне басты. Бірақ ұялған бірі жоқ, құлаққа да қыстырмай екі тілде дайындап келген сөзін оқып тұра берді. Ұлы дала қыранына дауыс берсем бе екен?!" , - деп пікір қалдырған. 

Ал Серікбол Шаймерден: "Студенттер сабаққа барғысы келмесе, группаластарына жазатын: "бүгін сабаққа бармайым, сенде бармай ақ қой" деп, Тоқаев та солай жасаған сияқты", - деп фейсбук парақшасына өз ойын білдірген.  

"Келмегендерді қоя тұршы, келіп тұрып, советін сағынған, бір ауыз қазақша айтпаған Ахметбековтердің Парламентте отырғанын-ай... Өзі үміткер тағы. Тәуелсіздік деген не?" - деп жазды Жайнгүл Хамидолла.

Амангелді Құрметұлы: "Дебат болды ма не? "ХХІ ғасыр көшбасшысы" бағдарламасы екен десем", - деп пікір қалдырған. 

Кезінде президент жолдауын 90 минут тікелей беретін телеарна неге дебатқа келгенде 90 секундқа тіреліп қалды деп жатқандарда жоқ емес.

Халықтың әлеуметтік желілерде жазған ашық ойларын оқып отырсақ, бүгінгі теледебатқа халықтың көңілі толмаған сияқты. 

Дайындаған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір