• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:08:17
Алматы
+35°

28 Наурыз, 2019 NEWS

Интернетте "Надежда Тоқаеваның" фотосы пайда болды (фото)

Надежда Давыдқызы Төменгі Тагил аймағында дүниеге келген.

Интернетте ҚР президенті Тоқаевтың әйелі Токаева Надежда Давыдқызының фотосы пайда болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Қазақстанның бірінші ханымы туралы ақпаратты ресейлік 1rre.ru сайты жариялады. 

Тоқаева

"Қазақстанның бірінші ханымы туралы ақпарат жоқтың қасы. Надежда Давыдқызы Төменгі Тагил аймағында дүниеге келген. Сондай-ақ ұлы Тимур Тоқаев 35 жаста. Тимур Тоқаев үйленген бір қызы бар", - деп жазады ресейлік БАҚ.

Алайда аталмыш фотодағы Қазақстанның бірінші ханымы екені дәлелдебеген. Осыған дейін Надежда Тоқаеваның бірде бір суреті жарияланбады.   

Сондай-ақ қазір бірінші ханымның атына тіркелген ИП-ның жоқ екені анықталды. Алайда 2009 жылға дейін Надежда Тоқаеваның атында ИП болған.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір