• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 14:19:13
Алматы
+12°

26 Ақпан, 2019 Әлеумет

Жаңа министр: Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері аз

Халықтың қалтасы үнемі қалың болуы керек. Біз сол үшін жұмыс істейміз.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жәрдемақыға қатысты пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жаңа министрдің айтуынша қазіргі көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері аз.

"Біздің негізгі мақсат - экономиканың сапалы өсімін қамтамасыз ету. Халықтың қалтасы үнемі қалың болуы керек. Біз сол үшін жұмыс істейміз. Сондай-ақ қазіргі кездегі көлеңкелі экономиканы төмендеп, реттеу мақсатында салық кодексіне жаңа өзгерістер енгізілетін болады", деді министр.

Кейін журналистер жаңа министрден көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыға қатысты министрдің пікірін сұрады.  

"Қазіргі таңда есептеулер жүргізілуде. Арнайы топ жұмыс істейтін болады. Жақын арада жәрдемақының мөлшері жария етілетін болады. Ал жәрдемақының қазіргі мөлшері жеткіліксіз деп есептеймін", деп пікір білдірді Руслан Дәленов. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір