Politics
Economy
Society
Interview
Sports
Job
More
Today's paper
Philosophy
Music
Car News
Entertainment
Elections
Appointments
Government
Special Projects
Education
Religion
Changes
Қазақ дауысы (1-кезең)
Business
Қазақ дауысы
Dictionary
Photo
Agriculture
Entrepreneur
Health
Қамшыгер
The Digital Kazakhstan
Ән-күй
Science
Ұлт болмысы
Technology
Incidents
News
Opinion
100 Concrete Steps
Lifestyle
Special reports
International
Kazakhstan
Сегіз өрім
History
In the World
State Programs
Қазақ дауысы (шешуші кезең)
Қазақ дауысы (3 кезең)
Қазақ дауысы (2 кезең)
Life
Law
Наука и IT
Нурлы жол
Literature
11:16, 20 August 2026
USD
461
EUR
540
RUB
5
Dark mode
Light mode
Submit news
About the project
11:16, 20 August 2026
USD
461
EUR
540
RUB
5
Dark mode
Light mode
Submit news
English
Қазақша
Русский
English
Qazaqsha
قازاقشا
Politics
Economy
Society
Interview
Sports
More
Travel
Today's paper
Philosophy
Music
Car News
Entertainment
Elections
Appointments
Government
Special Projects
Education
Religion
Changes
Қазақ дауысы (1-кезең)
Business
Қазақ дауысы
Dictionary
Photo
Agriculture
Entrepreneur
Health
Қамшыгер
The Digital Kazakhstan
Ән-күй
Science
Ұлт болмысы
Technology
Incidents
News
Opinion
100 Concrete Steps
Lifestyle
Special reports
International
Kazakhstan
Сегіз өрім
All regions
South Kazahstan region
Mangystau region
Zhambyl region
West Kazakhstan region
Aktobe region
Akmola region
Atyrau region
Almaty region
Pavlodar region
North Kazakhstan region
East Kazakhstan region
Karaganda region
Kostanay region
Kyzylorda region
Astana
Almaty
About the project
Eng
Қаз
Рус
Eng
Qaz
قاز
Home
Әдебиет
Ана туралы баллада
Nazerke Labihan
19:51, 11 April 2017
Print :
10793
Share:
Жібісін деп жүректерің жыр төгем,
Перзент білсін анаға қол сілтеген.
Жетім жайын, жесір жайын толғаған
Бүгінде жоқ күнде жиын күл төбең.
Адамды Аллаһ нар мақсатпен жіберген,
Мақсатыңды танып, сезіп білер ме ең.
Ата-анадан биік қойған бар малын,
Қуыс кеуде, топан бас көп білем мен.
Сеніп еді табылар деп қасынан,
Сенген қойы тентек болды жасынан.
Ғибрат алып, ойға қалып байқап көр,
Оқиғаны баяндайын басынан.
Бала еді терең ойлап көрмеген,
Ойын ойнап, қызық қуып терлеген.
Мектептегі сабақ, тәртіп тым жақсы,
Сондықтан да жоқ кедергі көлденең.
Уайым бар еді...
Болмай оған көп амалдың көмегі,
Мазалайды, ойын ылғи бөледі.
Қысылатын, жасқанатын сұрауға,
Анасының бір көзі жоқ себебі.
Сол мектепте аспазшы еді анасы,
Ұлына еді дәмді, тәтті бар асы.
Ақша тауып асты-үстіне түсетін,
Қарны ашпасын, киінсін деп баласы.
Ал баласы асханаға кірмейтін,
Анасымен көшеде бір жүрмейтін.
Ас беретін соқыр әйел баласы
Екендігін достары да білмейтін...
Әрбір тәулік ашып жаңа парағын,
Бұл да басты сақтықпен әр қадамын.
Кім біледі ғұмырын бұл жұмбақтың
Қанша уақыт жұмбақ болып қаларын.
Құпяны ашпаса кім біледі,
Байғұс ана мейірімді еді жүрегі.
Баласының талабы мен талантын
Білейін деп сабағына кіреді.
Жаутаңдатып жалғыз ғана жанарын:
– Рұқсат па, амансың ба қарағым?!
Білейін деп келіп едім сабағын,
Анасы едім мына отырған баланың.
Деген кезде...балалар ғой ешкімді
ренжітпеген, елемеген еш мұңды,
– Анасының бір көзі жоқ, сұмдық-ай,-
деген сұмдық, суық мысқыл естілді.
Баласының кетті түсіп қабағы,
Анасына айуан көзбен қарады.
Ыза буып сал есікті сарт ұрып,
Шығып кетті бетке ұстап даланы.
Келді үйіне, уақыт асқан ақшамнан,
Назын айтты назалы үнмен басталған.
Анасы жүр бәйек болып ас әкеп,
Баласының қамын ойлап аш қалған.
Деді ұлы: – «Ана неге келесің?
Іздеп келсең бар ойымды бөлесің.
Мені іздеп келмеші енді мына жұрт
«Анасының көзі соқыр демесін».
Мен ұялам, сыртта маған жолама,
Сөздеріме көңілің рас тола ма?
Неге соқыр, қайда сенің бір көзің,
Айтшы анашым сырын білсем бола ма?»
Жылады ана, еңіреді, егілді,
Үйренген ғой келген мұңға көнуді.
Шын жылады соқыр көзден жас шықы.
Көкірегінде бар құпия көмулі.
– «Кешір қалқам не десең сол болады,
Айтқан сөзің ақылыма қонады.
Сені ұялтқан саған еткен қатемнің
Бүгін мынау ең соңғысы болады»...
Иә, дәл солай,
Болды сол жер соңғысы,
Екінші рет бармады онда ол кісі.
«Сыртынан-ақ тілеуімді тілейін,
Осы болар істердің ең оңдысы»...
Баласының тілегі осы қалаған,
Жеке жүрсе бақытты өзін санаған.
Деп ой түйді: – «Құтылар ем шешемнен
Оқу бітсем, келмей қойсам қаладан»
Солай жүріп бітірді оқу бала да,
Бұрынғыдан бетер суық анаға.
Білім алып қайтамын деп жиналып,
Тартып кетті шет ел асып қалаға.
Айтқандай-ақ ол анасын ұмытты,
Жұмыс тапты, маман болды білікті.
Әйел алды, бала сүйді, анасын
Есіне алмай ойсыз-қамсыз жүріпті.
Күз. Сезімдерді сілкіп жауын жауып тұр,
Жігіт үйі. Сән-салтанат тамып тұр.
Құлақ салды әйелі де, өзі де
Есіктерін біреу келіп қағып тұр.
Кім болды деп есік қаққан жаңағы,
Бәрі бірге есікті ашып қарады.
Әйелі де, баласы да қорықты,
Іздеп кепті соқыр ана баяғы.
Жігіт жеке шықты дағы далаға,
Жақындады жалғыз көзді анаға:
–«Әйелім мен баламды сен қорқыттың,
Неге келдің, не бар мынау қалада?»
–«Саған келдім, демен оған өкінем,
Хабарласпай тым алысқа кетіп ең.
Үйленіпсің, балаң бар деп естідім,
Сүйейінші немеремнің бетінен...»
Сескенді ана жабысар деп сор тағы,
Қатуланып, қабақ шытып ол тағы:
–«Жоқ, болмайды. Рұқсат жоқ, себебі,
Бір көзің жоқ, бала сенен қорқады».
Бітті әңгіме, болмас қайта бастауға,
Қайтты ана демеу болар дос бар ма?
Күңіреніп ақ жауынын төгіп тұр,
Анаменен бірге жылап аспан да...
Уақыт сырғып айлар өтті, жыл өтті,
Өткен әр жыл жиырма түлек түлетті.
«Ауылға кел, сағындық»- деп достары,
Хат жіберіп шақыртыпты жігітті.
«Жол ұзақ» деп жігіт аздап қиналды,
Дегенменен «барамын» деп ұйғарды.
Әйелді алып, баланы алып сол күні,
Жол жүрмекке отбасымен жиналды.
Келді ауылға, мауқын басты, тарады,
Жігіт ойы басқа арнаға ауады.
«Балалықты еске алсам» деп жаяулап,
Өзі тұрған ескі үйге барады.
Үйден шықты егде әйел:
–«Сен келдің бе, өзгермепсің, таныдым,
Анаң қайтқан, қалдырып ед аманат,
Мен ашпадым, оқы өзің жарығым».
Берді қағаз төрт бұрыштап бүктеген,
Деді жігіт: «Түсінбедім түкке мен».
Ашып көріп оқимын деп оңаша
Кетті жігіт бар-ау хабар күтпеген.
–«Балам, ботам, айым, күнім, асылым,
Қарт кеудемде бір сыр бар ед жасырын.
Кеудемді өртеп барады өртеп күрең ой,
Жаздым хатқа оқып балам біле ғой.
Нәресте едің түспейтұғын қолымнан,
Бағым көп ед бүгінгідей сорымнан.
Әкең бар ед жаны жақын балаға,
Үйден шықтық қыдырсақ деп қалада.
Булықты да бірге кетіп арманы,
Жол апаты жан әкеңді жалмады.
Түстік солай бұл тағдырдың тезіне,
Зақым келді сенің оң жақ көзіңе.
Дәрігерлер көрді, білді, байқады,
Үрейлендім, қандай шешім айтады?
Қатты зақым алған екен ұлыңыз,
Көрмес көзі, алдын-ала біліңіз.
Жай таппаса бұған егер жаныңыз,
Уақыт барда сау көз іздеп табыңыз.
Бақытты өмір сүру үшін балаңыз,
Сол сау көзді орынына саламыз.
Есім шықты ет жүрегім дүрсілдеп,
Бар бақытты балам көрсін, білсін деп.
Құрбан еттім бағың үшін өзімді,
Саған бердім сап-сау тұрған көзімді.
Міне, балам, содан бері соқырмын,
Содан бері таңым қайғы, кешім мұң.
Осы көзбен көп ұялтсам өзіңді,
Кешір қалқам, кешір ботам, кешіргін.
Оқып бітті, жүрегі аттай тулады,
Көкірегін кермек өксік улады.
Біреуі өз, бірі ана көзімен
Алдындағы ақ парақты сулады...
Бауырлар,
Біздерге бұл мысалдың берері көп,
Дәл сондай әрбір істің себебі көп.
Себебін білмей қате қадам басып,
Отырма бармақ тістеп, не дедім деп.
Ата-ана разылығын тапсақ Аллаһ
Айтыпты Жәннәттан жай беремін деп.
Тірлікте таппаған соң көңілдерін,
Өлген соң жылаудың да керегі жоқ
Авторы: Есқожаев Ермек Алтайұлы
2016 жылы қанша жоба субсидияланғаны белгілі болды
Previous
Ер адам сымбатты болғаны үшін Сауд Арабиясынан депортацияланған
Next
Related Articles
Дәуір биігінен естілген жырлар
22:02, 19 August 2026
Цифрландыру дәуіріндегі балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығы
03:00, 02 March 2026
Ғалым Қалибекұлы: «Бақытты өлім»
20:05, 26 February 2026
Махамбет-Мағжан өлмепті!
14:19, 10 February 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізуіміз керек
13:16, 20 January 2026
«100 кітап» ұлттық сауалнамасының нәтижесі жарияланды
18:06, 11 August 2025
Ақын Темірхан Медетбек дүниеден өтті
09:54, 10 May 2025
Мәжіліс төрағасы кітап шығарушыларды қолдау шаралары туралы айтты
07:47, 24 April 2025
Алтын адамның аманаты - мемлекеттік маңызы бар мұра
14:53, 23 April 2025
Қазақ әдебиетінің классигі Әкім Тарази өмірден өтті
11:13, 22 April 2025
Latest news
Most viewed
Title
15:12, 07 May 2025
Рекордные 26,7 млн тонн зерновых собрано в Казахстане в 2024 году
15:46, 29 January 2025
Adebiportal.kz пополняется новыми аудиокнигами
16:42, 22 January 2025
Ұшақ апаты: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
15:20, 26 December 2024
Old-New Anglo-Saxons
18:51, 19 February 2019
3 dead, over 200 injured as M6.1 quake hits Osaka area
14:38, 18 June 2018
‘Astana’ Club negotiates the creation of sports television channel
14:48, 07 June 2018
Melania Trump’s parents reportedly seeking US citizenship
20:07, 03 May 2018
Zuckerberg testifies: Seven things to look out for
21:30, 10 April 2018
Kaisar Kaymbek - the Sky girl
03:25, 25 February 2018
Kairat Abdrakhmanov comments on the significance of the Astana Process
15:04, 24 February 2018
Weapons of mass deception: Social media and its role in the war
14:50, 24 February 2018
Has Moscow Peeled Off Another Country From Anti-Moscow Block? -OpEd
15:31, 23 February 2018
PyeongChang 2018: Azhgaliyev 5th in men's 500m semifinals
20:39, 22 February 2018
Famous "Golden Man" from Kazakhstan to be exhibited in Azerbaijan
14:18, 21 February 2018
Foreign Ministers of Russia, Iran and Turkey to meet in Astana
15:57, 20 February 2018
4 mln tons of freights to be transported via TITR in 2018
15:50, 20 February 2018
Indictments brought to citizens of Kyrgyzstan detained in Almaty
14:50, 20 February 2018
Batanov appointed as chairman of the committee of industrial development
18:16, 19 February 2018
Nazarbayev expressed condolence following plane crash in Iran
18:07, 19 February 2018
Astana Pro Team has dominated in this edition of the Tour of Oman
17:44, 19 February 2018