Абайдың мерейтойы шетелдік сарапшылар көмегінсіз ұйымдастырылады

/image/2020/02/05/crop-9_11_586x782_akorda.jpg e-history.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласының әкімі Ермак Салимовқа Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шараларды шетелдік сарапшылардың көмегінсіз сапалы түрде ұйымдастыруды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда сайты.

– Семейге тарихи орталық мәртебесін беру үшін мұражайлардың сапасын жақсарту керек. Туристер мен келушілердің көңілінен шығатындай мемориалды  көне жабдықтармен қамтылуы тиіс, – деп өз сөзін толықтырды мемлекет басшысы.

Президент Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі шаралардың орындалуы туралы әкімнің есебін тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ермак Салимовтың назарын еріктілер қозғалысымен бірге «Семей Орманы» резерватына ағаш отырғызуды қамтамасыз ету және жастарды осы акцияға қатысуға тарту қажет екенін ескертті.

Related tags :

Related Articles