Даниал Ахметов ШҚО тұрғындарын қорықпауға шақырды (видео)

/image/2020/03/05/crop-209_9_426x568_photo_281941.jpg tengrinews.kz

ШҚО-ның әкімі Даниал Ахметов коронавирусқа қарсы қажетті сақтық шаралары жасалып жатқанын айтты. Сондай-ақ жергілікті кәсіпорындарда жедел түрде 500 мың маска шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Instagram желісіне жариялаған видеода айтқан. 

"Өңірде тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау үшін 3 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан аумағында көпшіліктің қатысуымен өтетін бұқаралық іс-шаралар тоқтатылады.
⠀
Қазіргі уақытта облыстың медициналық мекемелері қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Бұған қоса, ауруханаларда арнайы оқу-жаттығулар өтуде. Сондықтан бұл сақтық шараларына түсіністікпен қарап, қорықпауға шақырамын!
⠀
Өзіміздің жергілікті кәсіпорындарда қорғаныс маскаларын жасау туралы шешім қабылданды. Тез арада 500 мың маска шығарамыз деген сенімдемін" деді Даниал Ахметов. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

3 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан аумағында көпшіліктің қатысуымен өтетін бұқаралық іс-шаралар тоқтатылады. ⠀ Қазіргі уақытта облыстың медициналық мекемелері қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Бұған қоса, ауруханаларда арнайы оқу-жаттығулар өтуде. Сондықтан бұл сақтық шараларына түсіністікпен қарап, қорықпауға шақырамын! ⠀ Сонымен қатар, өзіміздің жергілікті кәсіпорындарда қорғаныс маскаларын жасау туралы шешім қабылданды. Тезарада 500 мың дана маска шығарамыз деген сенімдемін.

Публикация от Danial Akhmetov (@danial.akhmetov.official)

 

Related Articles