Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 2 адам көз жұмды

/image/2020/05/31/crop-20_16_773x1031_koronavirws-kazahstan.png aikyn.kz

Денсаулық сақтау министрлігі  елде коронавирус індетінен тағы 2 адамның қайтыс болғанын хабарлады. 

"Шымкент қаласы – 1959 жылы туған ер адам,
Павлодар облысы – 1966 жылы дүниеге келген әйел адам", делінген хабарламада.
⠀
Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себебін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады.

Осылайша елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 10858-ге жетті. Оның ішінде 5220-сы аурудан жазылып шықса, қайтыс болғандар саны – 40.

Related Articles